16 қыркүйек 2016 09:01

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында тұңғыш рет қарсыласын тізе бүктірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан" телеарнасының кадры "Қазақстан" телеарнасының кадры

Футзалдан Қазақстан құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш қарсыласын тізе бүктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Какаудың шәкірттері екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді.


Футзалдан Қазақстан құрамасы Колумбияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тұңғыш қарсыласын тізе бүктірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Какаудың шәкірттері екінші кезеңде Коста-Рика құрамасын 3:1 есебімен жеңді.

Қазақстан құрамасы Дугластың соққан голымен 58-ші секундта-ақ алға шықты. 15-ші минутта костарикалық Алехандро Паньяга есепті теңестірсе, бір минут өткенде Павел Таку Қазақстанды тағы да алға шығарды. 

Екінші таймның басында Лео айып добын орындап, Коста-Рико құрамасының қақпасына гол соқты. 

Осы жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы үш ұпай жинап, Е тобында екінші орынға көтерілді. Аргентиналықтар мен костарикалықтарда да осынша ұпай бар, алайда Аргентина Соломон аралдары құрамасына қарсы ойын өткізуі тиіс. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы турнирдің бірінші ойынында Аргентинадан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Қазақстан құрамасы топтық кезеңіндегі соңғы матчын 19 қыркүйекте Астана уақытымен 03.00-де Соломон аралдары командасымен өткізеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети