21 маусым 2014 19:06

Икер Касильяс 2015 жылы Реал клубынан кететінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Икер Касильяс. Сурет Vesti.kz сайтынан алынған Икер Касильяс. Сурет Vesti.kz сайтынан алынған

"Испания құрама командасының қақпашысы Икер Касильяс клуб басшылығына "Реала" футбол клубынан кеткісі келетінін жеткізді" деп мәлімдейді Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.


"Испания құрама командасының қақпашысы Икер Касильяс клуб басшылығына "Реала" футбол клубынан кеткісі келетінін жеткізді" деп мәлімдейді Tengrinews.kz Vesti.kz ақпарат құралына сілтеме жасап.

33 жасар қақпашының айтуынша ол "Реала" футбол клубынанда тағы бір маусымды өткізіп, 2015 жылдың жазында клубтан еркін агент болып кететінін жеткізді. Мәлім болғандай, футболшы мен клуб арасындағы келісім 2017 жылға дейін жасалған. Десе де тараптар келісімді мерзімінен бұрын бұзуға келіскен.

Болжамдарға қарағанда, Икер Касильяс француздық ПСЖ футбол клубына баруы мүмкін, оған сондай тиімді ұсыныс жасалған. Бұған дейін хабарланғандай, қақпашы "Реала" футбол клубынана шарт қойған болатын. Шартқа сәйкес, ол бас қақпашы болып қалатынына кепілдік берген жағдайда ғана Мадритте қалатынын айтқан еді.

Айта кетерлігі, "Реала" футбол клубының бас бапкері Карло Анчелотти Испания чемпионатында қазіргі уақытта негізгі құрамда Диего Лопесті шығарып жүр.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети