27 маусым 2016 11:47

Италияға емделуге барған Ұлан Қонысбаевтан инфекция табылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлан Қонысбаев (оң жақта). © Getty Images.com Ұлан Қонысбаев (оң жақта). © Getty Images.com

Қазақстан құрамасы мен "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевта инфекция табылған, - деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшының қазір Италияда ем алып жатқаны белгілі. 


Қазақстан құрамасы мен "Атырау" клубының жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаевта инфекция табылған, - деп хабарлайды Vesti.kz. Футболшының қазір Италияда ем алып жатқаны белгілі. 

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапановтың айтуынша, инфекцияның бар екенін Италия мамандары анықтаған.

"Өкінішке қарай, атақты Қытай медицинасы Ұлан Қонысбаевтың толық емдеу курсын жүргізе алмады. Италияға келгеннен кейін біздің ойыншыдан инфекция табылды. Алдағы уақытта Ұлан Қонысбаев үш апта емдеу курсынан өтеді. Кейін сауықтыру курсы белгіленеді. Италиялық мамандар Ұлан бауырымыздың ем-домын толық бақылауға алды. Алла қаласа, енді тек жақсы жаңалықтар күтеміз!", - деп жазды Қожағапанов Facebook желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, футболшы Ұлан Қонысбаев Қытаймен өткен матчта аяғын сындырып алған болатын. Оқиға бірінші таймның соңында болды. Қонысбаев әуелеп келе жатқан допқа таласта жерге қате түсіп, оң аяғын сындырып алған еді. Кейін Қытай футболшысы ауыр жарақат алған Қонысбаевтан кешірім сұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети