12 қараша 2014 17:18

Жанкүйерлер Назарбаевтан "Шахтер" клубын қолдауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының жанкүйерлері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады, онда жанкүйерлер Назарбаевты клубты қолдауға шақырған, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, команда қазір қаржылай қиындық көріп жүр.


Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының жанкүйерлері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады, онда жанкүйерлер Назарбаевты клубты қолдауға шақырған, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, команда қазір қаржылай қиындық көріп жүр.

Клуб сатылымға қойылды, инвестор "Шахтер" клубына жыл сайын кем дегенде 2 млрд қаржы құйып отыру керек. Аукционға өтініштер 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады. Мұнымен қатар, "Шахтер" футбол клубы сәтсіздікке ұрынып жүр, маусым қорытындысы бойынша клуб соңғы бес жыл бойы еурокубоктарға қатыса алмай келеді. Сонымен бірге, футболшыларға көп уақыт бойы айлық төленбей келген. Команданың бас бапкері Виктор Кумыков сәтсіздіктердің себебін қаржы мәселесінен көреді.

Жанкүйерлер "Шахтер" футбол клубының шотланд клубы "Селтикті" ұтқанын еске салды. "Жеңістің рухы Қазақстан мен Жер шарының түкпірінен жанкүйер жинады. "Астана Аренадағы" дәл осы "Шахтер" - "Селтик" кездесуі қазақстандық футбол тарихындағы ең көп көрермен жинады", - деп жазды олар хатында. Олар командасына сенетінін айтты. "Спорттық барлық түріндегідей, футболда да жеңістер жеңіліспен жалғасады. Бірақ мұның барлығы өтеді, "қою қара түннен" кейін жарық күн шығады. Біз өз командамызға сенеміз, "Шахтерге" сенеміз! Осы бір қиын сәтте Сізге ғана үміт арта аламыз. Қазақстанды түгел біріктірген клубқа көмектесуіңізді сұраймыз. Сонда біз қайтадан ораламыз! Ұлы Еліміздің даңқын шығарып, жаңа күшпен, жаңа деммен!", - деп жазды "Шахтер" футбол клубының жанкүйерлері. Хаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети