02 маусым 2014 14:29

Катар әлем чемпионатын өткізу құқығын пара арқылы жеңіп алған - The Sunday Times

ПОДЕЛИТЬСЯ

©prosport-ru.tsn.ua ©prosport-ru.tsn.ua

Британдық "The Sunday Times" газетінің мәліметі бойынша Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өз елінде өткізу үшін 5 миллион доллар көлемінде пара берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Британдық "The Sunday Times" газетінің мәліметі бойынша Катар 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатын өз елінде өткізу үшін 5 миллион доллар көлемінде пара берген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл мәселеге байланысты Британдық газетке көптеген құжаттар келген. Оның ішінде ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті, қатарлық Мохаммед бин Хаммамның әлем біріншілігін Катарда өткізу үшін ФИФА өкілдеріне 5 миллион доллар аударғаны туралы банктің чегі де бар екен. Ол жерде 2008 жылы Куала Лампурде өткен ФИФА-ның кезекті жиыны барысында 15 жыл бойы ФИФА-ның лауазымды қызметін атқарып келген Бин Хаммам сьезге қатысқан 25 делегатқа 200 мың доллардан таратып бергені көрсетілген. Одан бөлек, вице-президенттің есеп-шотынан Африкалық футбол шенеуніктеріне 80 мың доллардан аударылғаны белгілі болып отыр.

Алайда, басылымның ресми сауалына Мохаммед бин Хаммамның өзі де оның ұлы Хамад Абдулла да жауап беруден бас тартып отыр.

2022 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру комитеті бұл жанжалға байланысты ресми түсініктеме беріп, ФИФА-ның бұрынғы вице-президенті Бин Хаммамның Катардың әлем чемпионатын өткізу құқығын жеңіп алғанына еш қатысы жоқ екенін айтады. "Катар 2022 жылғы әлем чемпионатын адал жеңіп алды. Себебі, біздің тапсырысымыз мықты болды. Оның үстіне Таяу Шығыс елдерінің арасында бірінші болып әлем біріншілігін қабылдағымыз келді. Бұл мәселеде Бин Хаммамның еш қатысы жоқ", - делінген Қатар тарапынан берілген түсініктемеде.

Айта кетейік, осыдан жарты ай бұрын ФИФА президенті Зепп Блаттер 2022 жылғы әлем чемпионатын Катарда өткізу туралы шешім қате болды деп мәлімдеме жасаған еді. Дегенмен, ол кезде президент қаржылық проблеманы емес, күн-райының қолайсыздығын алға тартқан еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети