30 шілде 2015 22:44

"Қайрат" ФК шотландиялық "Абердин" командасын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

"Қайрат" ФК Еуропа лигасының үшінші квалификациялық раундының бірінші матчында шотландиялық "Абердин" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қайрат" ФК Еуропа лигасының үшінші квалификациялық раундының бірінші матчында шотландиялық "Абердин" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Владимир Вайсстың шәкірттері бірінші таймда ойынды белсенді бастады. Ойында бірінші голды 13 минутта Михаил Бақаев соқты. Ал тоғыз минут өткенде команда капитаны Бауыржан Исламхан 35 метр қашықтықтан қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есеп айырмасын арттырды. 

Екінші таймда қонақтар командасы Кенни Маклиннің голы арқылы есеп айырмасын қысқарта білді. Қарымта кездесу 6 тамызда Абердинде өтеді. 

Михаил Бақаевтың голы 

 Бауыржан Исламханның голы

Еске салайық, Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундында екі матчтың қорытындысы бойынша жеңген болатын. Бірінші ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтіп, 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Ал екінші ойын Ереванда "Алашкерт" командасының жеңісімен аяқталды. 

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети