22 қараша 2014 17:22

"Қайрат" футболдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Vesti.kz сайтынан Фото Vesti.kz сайтынан

"Қайрат" клубы футболдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қайрат" клубы футболдан Қазақстан Кубогын жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Астана Арена" стадионында өткен кездесуде Алматының клубы "Ақтөбені" 4:1 есебімен жеңді. 

Есеп ойынның 19-минутында Роберт Арзуманянның өз қақпасына салған голмен ашылды. Ойынның 29-минуты өткеннен кейін бұл өрескел қателікті Юрий Логвиненконың голы түзегендей болды, дегенмен Жерар Гоудың арқасында алматылық клуб тағы да алға шықты. Бұдан кейін "Ақтөбе" қақпасына тағы бір доп соғылды, бірақ оны төреші есепке алмады. Екінші таймда Гоу өз голымен тағы да көзге түсті. Кездесудің 85-минутында Аслан Дарабаевтың голы ойынның тағдырын түпкілікті шешті. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Айта кетейік, "Қайрат" 2003 жылы да Қазақстан Кубогын жеңіп алған еді. Ол кезде алматылықтар Астананың "Жеңісін" 3:1 есебімен ұтқан болатын. 

Еске сала кетейік, премьер-лига чемпионатында "Қайрат" қола жүлдегер, ал "Ақтөбе" күміс жүлдегер атанған еді. Қазақстан Кубогының финалын кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің тамашалағанын айта кету керек.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети