16 шілде 2015 23:01

"Қайрат" клубы Еуропа лигасында "Алашкерт" командасын ірі есеппен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундының бірінші матчында Арменияның "Алашкерт" командасын ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундының бірінші матчында Арменияның "Алашкерт" командасын ірі есеппен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчта есепті 14 минутта "Қайрат" командасының капитаны Бауырдан Исламхан 11 метрлік айып добы арқылы ашты. Екінші таймның басында (55-ші минут) Жерар Гоу екінші голды салды. Ал "Қайрат" командасына жаңадан келген ойыншы Джордже Деспотович 69 минутта есепті 3:0-ге жеткізді.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 23 шілдеде Ереванда өтеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети