05 сәуір 2016 15:09

"Қайрат" клубының бас бапкері қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Қайрат" футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, келісімшарт ресейлік маманның бастамасымен тоқтатылған. "Клубтың басшылығы бапкерді қызметінде қалдыруға тырысты, дегенмен Александр Бородюк "Қайрат" клубынан кетуге шешім қабылдады. Футбол клубы Александр Генриховичке біздің клубта жасаған жұмыстары үшін алғыс айтып, сәттілік тілейді", - делінген клубтың хабарламасында.

Бородюктің қызметінен кететіні туралы мәлімет алматылық клубтың "Ақжайықтан" жеңіліп қалуынан кейін шыға бастаған еді. Үш ойын өтсе де, "Қайраттың" қоржынында бір-ақ ұпай бар.

Айта кетейік, Бородюк "Қайрат" клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келді. 53 жастағы ресейлік спортшы алматылық клубты үш жыл жаттықтыруы тиіс болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети