Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде израильдік "Маккаби "(Хайфа) клубы босниялық "Железничарды" 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде израильдік "Маккаби "(Хайфа) клубы босниялық "Железничарды" 3:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қос команда арасындағы кездесу Хайфа (Израиль) қаласында өтті. Есепті қонақтар ашты. 34-минутта Иван Лендрич "Железничарды" алға шығарды. Алайда кейін "Маккаби" үш гол соқты: Тьярон Шери (38-минут), Никита Рукавица (59-минут) және Юваль Ашкенази (66-минут).
Спорт порталының мәліметінше, Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінде "Маккаби" алматылық "Қайрат" клубымен кездеседі. Матч 17 қыркүйекте Хайфада өтеді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!