08 сәуір 2014 18:49

Қазақстан жастарын баптайтын шетелдік жаттықтырушыларға сұраныс неге жоғары?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтеректің" жаңа бапкері – М.Соловьев. Фото: kff.kz "Бәйтеректің" жаңа бапкері – М.Соловьев. Фото: kff.kz

Астананың "Бәйтерек" футбол клубына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Михаил Соловьев бас бапкер болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Астананың "Бәйтерек" футбол клубына Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Михаил Соловьев бас бапкер болып бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты бүгін ел чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын "Бәйтерек" (Астана) клубына Ресей маманы Михаил Соловьевтің бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады.

М.Соловьев 2012 жылдың екінші жартысынан бері 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып қызмет етті. Ақпан айының ортасында Қазақстан U-19 құрамасымен Грузияда 12 күндік оқу-жаттығу жиынын өткізіп келген.

Енді, "Бәйтерек" клубының тізгінін де қолына алыпты. Өздеріңіз білесіздер, Астанадағы бұл клубтың негізін мемлекеттік жоба бойынша "Оле Бразил" (Ботафого) академиясынан дәріс алып келген жас футболшылар қалайды.

Жалпы, біздің елдегі клубтар ұлттық немесе жастар мен жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырған шетелдік мамандарға әуес сияқты. Жақында ғана Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы, Литва маманы Саулюс Ширмялис "Ордабасы" клубына бас бапкер болып тағайындалды.

Бір кездегі Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Арно Пайперс былтырдан бері "Тараздың" ойынын түлете алмай жүр. Сондай-ақ неміс маманы Бернд Шторкті де Батыстан қайта шақыртып алып, көпке дейін ұмыта алмағанбыз.

Сонда біздің клубтарға білікті бас бапкер табу күрмеуі күрделі мәселе болғаны ма?! Өздері сырттан білікті бапкер таба алмай, федерация әкелген бапкерлерге жабыса бере ме?.. Одан да неге өзіміздің отандық мамандарға сенім артпаймыз?!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети