05 маусым 2014 16:36

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде алты саты төмен сырғыды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: sports.kz Сурет: sports.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде алты саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА-ның жаңартылған рейтингінде алты саты төмен сырғыды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ФИФА-ның 10 мамырда жариялаған тізімінде Қазақстан 235 ұпаймен тізімнің 118 сатысына жайғасқан болатын. Ал бұл айда Юрий Красножан баптайтын Қазақстан 118-орыннан 124-ші орынға бір-ақ сырғыпты. Бір айдың ішінде бірде-бір кездесу өткізбеген біздің құраманың қоржынында 241 ұпай бар. Байқап отырсаңыздар, Қазақстан құрамасы өткен айға қарағанда алты ұпай қосқан. 

Жаңа рейтин бойынша біздің құраманың алдында Судан, Луксембург, Аруба, Вьетнам сынды құрамалар шыққан. Тіпті ешкімге де белгісіз Аруба құрамасы 254 ұпай жинап, 35 сатыға жоғарылаған екен. 

Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан Тәжікстан (126 орын), Түркіменстан (143) және Қырғызстан (149) футболшыларынан жоғары тұр.

Жаңартылған тізімнің көшбасшылар қатарында өзгеріс жоқ. Бірінші орында 1485 ұпаймен Испания құрамасы тұр. Екінші орынға 1300 ұпаймен Германия құрамасы жайғасса, үздік үштікті 1242 ұпай жинаған Бразилия құрамасы түйіндеп тұр. 

1 (1). Испания — 1485 ұпай
2 (2). Германия — 1300
3 (4). Бразилия — 1242
4 (3). Португалия — 1189
5 (7). Аргентина — 1175
6 (8). Швейцария — 1149
7 (6). Уругвай — 1147
8 (5). Колумбия — 1137
9 (9). Италия — 1104
10 (11). Англия — 1090

124 (118). Қазақстан — 241
126 (121). Тәжікстан — 229
143 (156).Түркіменстан — 183
149 (146). Қырғыстан — 163.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети