28 тамыз 2015 16:42

Қазақстандықтар "Астана" - "Галатасарай" матчында Подольскиге наразылық білдіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстандық жанкүйерлер "Астана" - "Галатасарай" матчында түркиялық клубтың спортшысы Лукас Подольскиге наразылық білдіруді ұсынды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Еске сала кетейік, Подольски Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартылған жеребенің қорытындысынан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: "Ерекше күтемін". Кейін "Борат" деген кейіпкердің суретін қойды. 

Фанаттар футболшының пікіріне наразылық танытты. Кейбірі УЕФА-ға шағым тастауды ұсынса, кейбірі футболшыдан алаңда кек алу керектігін айтты. Сонымен қатар, жанкүйерлер Подольскидің Бораттың кейпіндегі суретін салу идеясын қолдап жатыр. Қазақстандық команданың жанкүйерлері футболшыға твиттерде жауап қатты. Олар спортшының суретін жариялады.

Кейбір қолданушылар Подольскиге Астананың суретін жіберіп, Қазақстанның Бораттың фильміндегідей емес екенін дәлелдеуге тырысып жатыр.

Айта кетейік, түркиялық клубтың жанкүйерлері де Подольскидің әрекетіне жауап қатты: "Польди, мұндай кейіпкердің суретін жариялау саған тән нәрсе емес. Қарсыласқа құрмет көрсету керек, жоғарыдан төмен қарауға болмайды".

Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети