23 желтоқсан 2014 19:22

Қазақстанның Футбол федерациясына жаңа басшы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қожағапанов. ©Vesti.kz Ерлан Қожағапанов. ©Vesti.kz

Қазақстанның Футбол федерациясын Ерлан Қожағапанов басқаратын болды. Ол Әділбек Жақсыбековтың орнына келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстанның Футбол федерациясын Ерлан Қожағапанов басқаратын болды. Ол Әділбек Жақсыбековтың орнына келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Айта кетейік, Қожағапановты бұл қызметке Жақсыбековтің өзі ұсынған болатын. Бүгін, 23 желтоқсанда Қазақстан Футбол федерациясының басшысы жеті жыл жұмыс істегеннен кейін ресми түрде қызметтен кетті. 

Ерлан Қожағапанов бұған дейін Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттігінің төрағасы болған еді. Бұл қызметте ол бір жылдан аз уақыт жұмыс істеді - 2013 жылдың қаңтарынан қараша айына дейін. Қожағапановтың орнына Қазақстанның Спорт және дене шынықтыру агенттігінің төрағасы болып Тастанбек Есентаев келді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Еске сала кетейік, қазан айында Астана әкімі болып тағайындалған Әділбек Жақсыбеков 13 желтоқсанда Қазақстан Футбол федерациясынан кетуі туралы хабарлаған еді. Ол өзінің уақыты жетпейтінін және Қазақстанның Футбол федерациясын басқара алмайтынының себебін түсіндірді. "Мен үнемі футболда жұмыс істеп жүре алмаймын ғой. Ал қазір аймақтық деңгейде жұмыс істеп жатырмын, бұл мүддеге де қайшы келеді. Онсыз да "Астананың" сырттан қолдаушылары бар, "Астана" мүддесін қорғаштайды, "Астанаға" айырықша жағдай жасайды деген секілді алып-қашпа сөздер жетерлік. Кім не десе де шындығында олай болған емес. Тіпті, биыл да "Астана" чемпион болды, оған ол лайықты та деп санаймыз, бірақ "Астананы" өзгелерге қарағанда көбірек қолдады деген секілді пікірлер айтылып қалып жүр", - деді Жақсыбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети