30 наурыз 2017 09:21

Месси шеттетілуіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© newsforbreakfast.ru © newsforbreakfast.ru

Испанияның "Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси төрешіні қорлағаны үшін төрт матчқа шеттетілгені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды La Nacion басылымы. 


Испанияның "Барселона" клубы мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси төрешіні қорлағаны үшін төрт матчқа шеттетілгені жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды La Nacion басылымы. 

Месси шеттетуге себеп болған даулы сөздерінің арбитрдің көмекшісіне айтылмағанын мәлімдеді. 

"Менің сөздерім төрешінің ассистентіне арналмаған, сөздер ауаға айтылған еді", - деді футболшы. 

Еске салайық, 28 наурызда арбитрді қорлады деп, төрт ойынға шеттетілген еді. Оқиға ӘЧ-2018 іріктеу кезеңіндегі Аргентина мен Чили құрамаларының арасында өткен ойында болған. Бұл ойында Месси 11 метрлік айып добын сәтті орындап, командасына жеңіс сыйлаған. Сондай-ақ, Мессиге 10 мың швейцар франк (10,2 мың доллар) айыппұл салынды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети