01 маусым 2015 07:26

Мессидің соққан голы "жат галактикалық гол" деген атқа ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Youtube кадры ©Youtube кадры

"Барселона" командасының форварды Лионель Мессидің Испания Кубогында Бильбаоның "Атлетик" командасына соққан голына каталондардың бапкері Луис Энрике "жат галактикалық гол" деген ат берді, - деп хабарлайды Goal.com.

"Біз осындай Мессиге үйреніп қалдық. Жолымыз болды, оның шеберлігін күнде өтетін жаттығуда тамашалаймыз. Оның бірінші голы жат галактикалық гол болды", - деп мәлімдеді бапкер.

Айта кетейік, ғажап-голдың видеосы YouTube порталында рекорд жасады. Мессидің төрт адамды алдап, қақпаға допты дәл соққаны бейнеленген ролик бір тәуліктің ішінде миллионнан астам көрілім жинап үлгерді. 

Еске сала кетейік, "Барселона" мен "Атлетик" командаларының кездесуі Испания Кубогының финалы болды. Ойын "Камп Ноу" стадионында 30 мамырда өтті. Матч 3:1 есебімен каталондардың пайдасына шешілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети