27 тамыз 2015 23:33

Подольски "Астана" клубымен қарсылас болуына Бораттың суретімен пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fczenitspb.ru © fczenitspb.ru

Түріктің "Галатасарай" клубының шабуылшысы Лукас Подольски Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі тартылған жеребенің қорытындысына, нақтырақ айтсақ, қазақстандық "Астана" командасымен қарсылас болуына байланысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Подольски әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: "Ерекше күтемін". Кейін "Борат" деген кейіпкердің суретін қойды. 

Бүгін, 27 тамызда Монакода Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 2015/16 маусымы жеребесі тартылды, оның қорытындысы бойынша, елордалық "Астана" командасы келесі қарсыласын анықтады. "Астана" Чемпиондар лигасында "Бенфика", "Атлетико" және "Галатасарай" командаларымен ойнайды. 

Айта кетейік, топтық кезеңнің бірінші раундының матчтары 15-16 қыркүйекте өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети