11 шілде 2014 09:26

Путин ӘЧ-2018 кезінде виза болмайтынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. РИА Новости© Владимир Путин. РИА Новости©

Ресей президенті Владимир Путин 2018 жылы Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионаты кезінде спортшылардың, жаттықтырушылардың, төрешілердің және жанкүйерлердің РФ аумағына визасыз кіруіне рұқсат беретінін мәлімдеді. Бұл туралы ол латиноамерикандық БАҚ құралдарына берген сұхбатында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кей мәселелер бойынша Ресей "Мундиал-2014" қожайындарынан да әріге барады. Біз қазір 2018 жылғы ӘЧ-2018-ге дайындық және өткізу шараларына қатысатын шетелдіктер үшін жеңілдетілген арнайы виза жүйесін Федеральді заңмен бекіттік. Жарыс алдында және жарыс кезінде келетін спортшыларға, жаттықтырушыларға, төрешілерге және жанкүйерлерге РФ аумағына визасыз кіруге рұқсат беріледі. Мұндай жеңілдік футбол чемпионаты тарихында болған емес" деп атап өтті Путин.

Путин Бразилиядағы әлем чемпионаты футбол тарихының жарқын парағы болып қалатынына сенімді екенін жеткізді. "Бразилиялық ұйымдастырушылардың шараны жақсы аяқтауына тілектеспін. Ал біз 2018 жылы әлемді есте қаларлық футбол мерекесімен және ресейлік қонақжайлылықпен таң қалдыруға тырысамыз" деп қосты Путин.

Сондай-ақ Путин Бразилияның әлем чемпионатын өткізу эстафетасын Ресейге табыстау салтанатына қатысады.

"Латынамерикалық турне" барысында Ресей президенті 11-16 шілде аралығында Куба мен Аргентинаға барады деп жоспарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети