12 қараша 2018 15:03

"Рахмет, Андрей!". Аршавин "Қайрат" жанкүйерлерімен қалай қоштасты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fckairat.com © fckairat.com

Андрей Аршавин Алматымен қоштасып, мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Андрей Аршавин Алматымен қоштасып, мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше Алматыдағы Орталық стадионда алматылық "Қайрат" пен қарағандылық "Шахтер" арасында кездесу өтті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл матч қазақстандық Премьер-лига шеңберінде соңғы және ресейлік футболшы Андрей Аршавин үшін қоштасу матчы болды. Ол өз карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

Андрей Аршавин үш маусым бойы қолдау көрсеткені үшін жанкүйерлерге алғыс айтып, Алматыда өзінің бір бөлшегін тастап бара жатқанын жеткізді.

Аршавин "Қайрат" құрамында үш маусым ойнады. Осы уақыт ішінде 107 матч өткізіп, 30 гол соқты, 37 рет допты дәл беріп, 13 сары және бір қызыл карточка алды. Ресейлік ойыншы чемпионаттың екі мәрте күміс жүлдегері болып, Қазақстан Кубогы мен Суперкубогын иеленді.

Андрейдің жарқын карьерасы клубтың тарихында өз ізін қалдырды.

"Қайрат" футбол клубының ұжымы командадағы жарқын сәттер мен сәттілік үшін сіңірген баға жетпес еңбегі үшін Андрейге алғыс айтады", - делінген алматылық клубтың сайтында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети