15 сәуір 2017 10:44

Роналду қыз зорлады деген айыптауға жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Криштиану Роналду
© Daniel Ochoa de Olza / AP Криштиану Роналду © Daniel Ochoa de Olza / AP

Футболшы Криштиану Роналду немістің Der Spiegel журналындағы айыптауларға жауап берді. Басылымда футболшы 2010 жылы қыз зорлады деп айыпталып, бірақ одан ақша беріп, құтылып кетті делінген мәлімет жарияланған. Роналдудың мәлімдемесі агенті Жорже Мендештің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Lenta

Спортшы бұл мәліметті "журналистік фантастиканың бір бөлігі" деп атады. Ол зорландым деген адамның аты-жөнін жасырын қалдырғанын және оқиғаны айғақтай алмайтынына назар аударды. Сондай-ақ, Роналду айыптау материалдарында аты аталатын адвокаттарды танымайтынын және жәбірленуші жолдады деген хатты алмағанын мәлімдеді. 

Осылай дей келе, футболшы Der Spiegel мақаласын жалған деп, "өз қарамағындағы барлық құралдармен осы БАҚ-қа қарсы шығуға" уәде берді, 

Айта кетейік, басылым оқиға Лас-Вегаста 2009 жылдың 12 маусымында болды деп мәлімет таратқан еді. Португал отбасымен АҚШ-та демалыста болған. Ойыншыны 20 жастағы америкалық қыз айыптаған. Журналдың мәліметінше, 2010 жылдың 12 қаңтарында форвардтың адвокаты айыптауларынан бас тартуы үшін жәбірленушіге 375 мың доллар төлеп берген делінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети