18 қаңтар 2016 10:27

Сарапшылар Мессидің "жат галактикалық голын" зерттеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Америкалық спорт мамандары "Барселона" клубының атақты форварды Лионель Мессидің голын ғылым тілімен түсіндірді. Бұл туралы видеосюжет YouTube желісінде пайда болды.


Америкалық спорт мамандары "Барселона" клубының атақты форварды Лионель Мессидің голын ғылым тілімен түсіндірді. Бұл туралы видеосюжет YouTube желісінде пайда болды.

Мессидің Испания Кубогында Бильбаоның "Атлетик" командасына соққан голына каталондардың бапкері Луис Энрике "жат галактикалық гол" деген ат берген болатын. 

Сарапшылар Мессидің 11 секунд ішінде 55 метр қашықтықты жүгіріп өткенін және допты екі рет қана 0,7 метр аралыққа тепкенін анықтады. Каталондардың шабуылшысы қысқа аралықта доппен 2,7 секунд ішінде сағатына 19,5 миль (сағатына 31,38 шақырым) жылдамдық асырған. Сарапшылар Мессидің осы эпизодтағы жылдамдығын америкалық футбол ойыншысының жылдамдығымен салыстыра келе соңғысына мұндай аралықты жүгіріп өтуге ұзағырақ уақыт қажет етілетінін атап өтті.  

Мессидің соққысынан кейін доптың ұшу жылдамдығы сағатына 77,25 шақырым болды, ал аргентиналықтың допты бар пәрменімен тебуге уақыты да, дәлдеуге қажетті мүмкіндігі болмады.

Айта кетейік, Леоның бұл голы ФИФА тұжырымы бойынша 2015 жылдың ең әдемі голы болуға үміткер еді. Алайда бұл жүлдені бразилиялық футболшы Венделла Лираға бұйырды. Ал Месси "Алтын доп" иегері атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети