29 маусым 2014 00:31

Семей футболшылары екінші рет жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото pfl.kz сайтынан алынды Фото pfl.kz сайтынан алынды

Футболдан Қазақстан біріншілігі де қыза түсті. Бүгін премьер-лигада он сегізінші турдың ойындары аяқталып, Семейдің "Спартагы" екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Қазақстан біріншілігі де қыза түсті. Бүгін премьер-лигада он сегізінші турдың ойындары аяқталып, Семейдің "Спартагы" екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Негізі, ХVІІІ тур кеше басталған. Кеше үш ойын өтіп, онда негізінен көшбасшылар додаға түскен болатын. "Ақтөбе" мен "Астана" елордада тең түсіп, ұпай бөліскен. Ал "Қайрат" Павлодарда "Ертісті" етпетінен түсіріп кетті. "Шахтер" болса, өз алаңында "Қайсарды" күйрете жеңіп, аптығын басқандай болды.

Бүгін тағы үш ойын өтіп, Таразда жергілікті клуб мен Қостанайдан келген "Тобыл" тең түсті. Ал "Спартак" өз алаңында Оңтүстік Қазақстан клубын ұтып, биылғы маусымда екінші рет жеңіске жетті.

Бүгінгі соңғы ойын осыдан бірер минут бұрын ғана аяқталды. "Атырау" өз алаңында "Жетісу" жігіттерінен ұтылып, жағдайларын тығырыққа тіреп алды.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХVІІІ тур.

"Астана" – "Ақтөбе" – 1:1
Голдар: Коробкин, 3 (1:0). Сисеро, 32 (1:1).

"Ертіс" (Павлодар) – "Қайрат" (Алматы) – 0:1
Гол: Байтана, 62.

"Шахтёр" (Қарағанды) – "Қайсар" (Қызылорда) – 4:1
Голдар:
Қонысбаев, 15 (1:0). Топчагич, 42 (2:0). Муртазаев, 43 (3:0). Топчагич, 58 (4:0). Хунт, 86 (4:1).

"Спартак" (Семей) – "Ордабасы" (Шымкент) – 2:0
Гол: Рудик, 8. Ахмеев, 13

"Тараз" – "Тобыл" (Қостанай) – 1:1
Голдар: Тілешев, 74 (1:0). Бугаев, 83 (1:1).

"Атырау" – "Жетісу" (Талдықорған) – 1:2
Голдар: Демель, 14 (0:1). Родионов, 70-автогол (1:1). Родионов, 88 (1:2).

Қазақстан премьер-лигасындағы ХVІІ-турдан кейінгі жағдай:

1. "Ақтөбе" – 36 ұпай
2. "Қайрат" – 33
3. "Шахтер" – 32
4. "Астана" – 31
5. "Қайсар" – 27
6. "Ордабасы" – 25
7. "Атырау" – 24
8. "Жетісу" – 22
9. "Тобыл" – 22
10. "Ертіс" – 21
11. "Тараз" – 15
12. "Спартак" – 9

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети