30 маусым 2014 11:17

Суарес "Кьеллиниді қасақана тістемедім" деп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес ФИФА-ға жазған түсініктемесінде Италия құрамасының қорғаушысы Джорджио Кьеллиниді тістемегенін, оның иығына тісімен соғылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес ФИФА-ға жазған түсініктемесінде Италия құрамасының қорғаушысы Джорджио Кьеллиниді тістемегенін, оның иығына тісімен соғылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Болған жайт менің тарапымнан Кьеллиниді тістеп алайын деген ниеттен тумады. Соққыдан кейін мен тепе-теңдікті жоғалтып, ойыншыға бетіммен соғылдым, бетіме кішкентай дақ түсіп, тісім қатты ауырып қалды", - деп жазды Суарес. 

Еске сала кетейік, Суарес 24 маусым күні топтық кезеңнің матчында Кьеллиниді иығынан тістеп алған болатын. Бұл ойында Уругвай құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойыннан соң ФИФА Суареске қатысты тәртіптік іс қозғады. Кейінірек футболшының өз құрамасының тоғыз ойынынан және кәсіби қызметінен төрт айға аластатылғаны хабарланды. Сонымен бірге, ойыншыға айыппұл салынды. Уругвай футбол федерациясы ФИФА-ның бұл шешіміне шағым түсірмекші.

Айта кетейік, Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында Уругвай құрамасы Колумбиядан 2:0 есебімен жеңіліп, біріншіліктің ширек финалына шыға алмады. Ширек финалға алғаш болып, Бразилия құрамасы шықты, ол Чили командасын пенальтилердің арқасында 3:2 есебімен жеңді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети