19 қараша 2015 12:12

УЕФА "Астана" - "Бенфика" матчында автокөлік ойнатуға рұқсат бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © Тengrinews.kz Иллюстрация © Тengrinews.kz

УЕФА "Астана" - "Бенфика" матчында автокөлік пен өзге сыйлықтарды ойнатуға рұқсат бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" ПКСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


УЕФА "Астана" - "Бенфика" матчында автокөлік пен өзге сыйлықтарды ойнатуға рұқсат бермеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" ПКСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, "Астана" мен "Бенфика" футбол клубтарының арасында өтетін матчта құнды заттарды ойнатудан бас тартатынымызды хабарлаймыз, себебі УЕФА өкілдерінен бұл акцияны өткізуге рұқсат берілген жоқ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін "Астана" - "Бенфика" матчында көрермендердің біріне автокөліктің бұйыруы мүмкін екені хабарланды. Сонымен қатар, 25 қарашада "Галатасарай" - "Астана" матчына жолдама және өзге де сыйлықтарды ойнату жоспарланды.

Алайда матчтың ұйымдастырушылары жанкүйерлерге өзге бір акцияны ұсынды - матчқа екі билет сатып алған адамға үшіншісі сыйлыққа беріледі.

"Астананың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңындағы соңғы ойыны 25 қарашада "Астана Арена" стадионында өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети