18 қараша 2014 12:41

УЕФА беретін жарты миллион доллар "Шахтер" командасының қарызын ішінара жабуға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

УЕФА беретін жарты миллион доллар "Шахтер" футбол клубының жалақы беруде қарызын ішінара жабуға көмектеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Еуропа футбол одағы командаға Еуропа лигасы ойындарына қатысуға қаржы төлеп берген еді.


УЕФА беретін жарты миллион доллар "Шахтер" футбол клубының жалақы беруде қарызын ішінара жабуға көмектеседі, - деп хабарлайды Vesti.kz. Айта кетейік, Еуропа футбол одағы командаға Еуропа лигасы ойындарына қатысуға қаржы төлеп берген еді.

"Шахтер" футбол клубының өкілдерінің айтуынша, клуб ойыншыларға 300 миллион теңге қарыз болып қалды. "Шахтер" директоры Ерден Халилин осы жылы ойыншыларға толық көлемде қарызын өтеп бере алмайтынын мәлімдеді. "(...) Соған қарамастан тұраулап қалған барлық мәселені оңтайлы шешуге барымызды салып жатырмыз", - деді Халилин. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, "Шахтер" футбол клубы қазіргі уақытта қаржылай қиындық көріп жүр. Осыған байланысты клуб футболшыларына бірнеше ай бойы жалақы төленбей келеді. Сонымен бірге, команда негізгі құрамындағы бірнеше футболшыдан айырылып қалуы мүмкін, нақтырақ айтсақ келісімшарт мерзімі аяқталған футболшылар командамен қоштасу алдында тұр. Мұнымен қатар, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков осыған дейін футболшыларға қарыздың 2015 жылы толықтай төленетінін мәлімдеді. 

Еске сала кетейік, Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының жанкүйерлері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жолдады, онда жанкүйерлер Назарбаевты клубты қолдауға шақырған еді. Мұнымен бірге, клуб сатылымға қойылғаны, инвестор "Шахтер" клубына жыл сайын кем дегенде 2 млрд қаржы құйып отыруы керектігі хабарланды. Ал аукционға өтініштер 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылданады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети