05 шілде 2017 10:36

Үш баласымен түскен суретін жариялаған Криштиану Роналду жұртты тәнті етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram, Twitter және Facebook желілерінде егіз балаларымен түскен суретін жариялады, маусымның соңында футболшыға суррогат ана туып берген болатын.


Португалия құрамасы мен мадридтік "Реал" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Instagram, Twitter және Facebook желілерінде егіз балаларымен түскен суретін жариялады, маусымның соңында футболшыға суррогат ана туып берген болатын.

Суретте 33 жастағы шабуылшы бір баласын ұстап отыр, ал екіншісін ұлы ұстаған. "Бақыттымыз", - деп жазды спортшы. 


© instagram.com/cristiano

Бірнеше сағаттың ішінде сурет Instagram желісінде төрт миллионнан аса лайк жинап, сан мыңдаған пікірлер жазылған. Бұл сурет басқа да әлеуметтік желіде үлкен танымалдыққа ие болды. 

Роналдуға бұл балаларды АҚШ-та тұратын әйел босанып берген. Балалардың есімі Ева және Матеу. 

Балалар маусым айының басында дүниеге келген. Ал кеше Роналду Конфедерация кубогының қарсаңында екі баласы дүниеге келгенін растаған болатын.

Мұның алдында Криштиану Роналду егіз баланың әкесі атанғанын, оған балаларды суррогат ана босанып бергенін Португалияның SIC телеарнасы хабарлаған болатын. БАҚ мәліметі бойынша, 8 маусымда дүниеге келген қыз бен ұлға Матео және Ева деген есімдер берілгені айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети