05 маусым 2014 17:39

Вахид Масудов "Астана-1964" клубына бас бапкер болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото sports.kz сайтынан Фото sports.kz сайтынан

Елімізге танымал білікті маман Вахид Масудов бүгін Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын "Астана-1964" футбол клубына бас бапкер болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Елімізге танымал білікті маман Вахид Масудов бүгін Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын "Астана-1964" футбол клубына бас бапкер болып бекітілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астана-1964" клубының бас бапкері Вячеслав Ледовских мамыр айының басында ауырып қалып, Ресейге кеткен болатын. Онда жүрегіне ота жасатуы да мүмкін екендігі айтылған.

Содан бері бұл клубқа оның көмекшісі Каландар Ахмедов жетекшілік етіп келген еді. Ледовскихтің сырқаты жеңіл-желпі болмағандықтан ба, "Астана-1964" команда тізгінін басқа маманға ұстатуға мәжбүр болды.

Бұл қызметке елімізге мейілінше танымал, футболшы кезінде "Қайрат" жанкүйерлерінің көз айымына айналған, бапкерлік қызметте де отандастарының сый-құрметіне ие болған Вахид Юнусович тағайындалып отыр.

Вахид Масудов ойыншы ретінде екі дүркін Қазақстан чемпионы болған және ел кубогының иегері атанған. Тіпті КСРО федерациясы кубогының иегері болғанын да білеміз.

Ал бапкер ретінде 2009 жылы "Атырау" клубымен Қазақстан кубогын жеңіп алып, 2010 жылы «Восток» клубымен бірінші лигада топ жарып, ШҚО клубын премьер-лигаға шығарған.

Жалпы, бірінші лигадағы клубтарымыз білікті бапкерлермен күшейіп жатыр. Осыдан бірер күн бұрын "Ақжайық" клубы сыралғы Сергей Волгинді бас бапкер ретінде бекітіп, мақсаттары премьер-лигаға шығу екендігін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Владимир Линчевский ("Екібастұз"), Андрей Ферапонтов ("Оқжетпес"), Михаил Соловьёв ("Бәйтерек"), Павел Евтеев ("Восток"), Рауф Инилеев ("Мақтаарал"), Эдуард Глазунов ("Қызыл-Жар") және басқа да белгілі мамандар бірінші лигадағы командалардың деңгейін көтеріп, ел біріншілігінің көрігін қыздырып жүр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети