19 қыркүйек 2015 09:23

Apple қолданушылары іOS 9 жүйесін орнатудағы қателіктер үшін шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Apple компаниясы өнімін қолданушылар гаджетіндегі операциялық жүйені OS 9-ға жаңарту кезіндегі қателіктер үшін шағымданып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.


Apple компаниясы өнімін қолданушылар гаджетіндегі операциялық жүйені OS 9-ға жаңарту кезіндегі қателіктер үшін шағымданып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жүйедегі қателіктердің бірі Apple компаниясының смартфондары мен планшеттерінің көне моделіне iOS 9 жүйесін орнатқан кезде пайда болады. iPhone және iPad-тың осыған дейін шыққан нұсқаларын қолданушылар техниканың операциялық жүйені жаңартқаннан кейін жұмыс істемей қалатынын айтып отыр. Айта кетейік, Apple өкілдері дәл осындай проблемамен қолданушылардың шағымданып жатқанын осыған дейін айтқан болатын.

Қолданушылардың тағы бір тобы операциялық жүйені жаңартқаннан кейін бірнеше минуттан соң оның жұмыс істемей қалатынын хабарлады. Мамандардың пікірінше, бұл қолданушылардың көп бөлігі бір уақытта жүйені жаңартқан кезде компанияның серверіне түсетін ауырлықтан болуы мүмкін.

Mixpane  компаниясының мәліметінше, техникалық аххауларға қарамастан операциялық жүйенің жаңа нұсқасы шыққан бір тәулік ішінде оны Apple техникасын қолданушылардың 16 пайызы жаңартып үлгерген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети