07 қараша 2014 21:25

Lenovo компаниясының жаңа өнімі iPhone 6 смартфонына ұқсайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

iPhone 6 және S90 Sisley (төменде). ©Gazeta.ru iPhone 6 және S90 Sisley (төменде). ©Gazeta.ru

Қытайдың Lenovo компаниясы S90 Sisley деп аталатын жаңа смартфонды таныстырды, - деп хабарлайды "Газета.Ру". Жаңа аппараттың iPhone 6 смартфонына ұқсайтыны көптеген сарапшыны таңғалдырды.


Қытайдың Lenovo компаниясы S90 Sisley деп аталатын жаңа смартфонды таныстырды, - деп хабарлайды "Газета.Ру". Жаңа аппараттың iPhone 6 смартфонына ұқсайтыны көптеген сарапшыны таңғалдырды.

"Lenovo S90 Sisley смартфонының металдан жасалған дөңгелек корпусы бар, ал түрлі түсті сызығы iPhone 6 смартфонына ұқсайды және корпусының жуандығы 6,9 миллиметр", - дейді сарапшылар. Жаңа аппаратқа 5 дюймді HD дисплей орнатылған, 16 гигабайтты кіріктірме жадысы, Dual-SIM, NFC модулі және төрт ядролық процессоры бар. Lenovo-ның жаңа смартфоны Қытайда 325 долларға сатылады. S90 Sisley - Android 4.4.4 KitKat операциялық жүйесінде жұмыс істейді.  

Айта кетейік, Lenovo - әлем бойынша компьютерлер, смартфондар мен планшеттер өндіретін төртінші ірі компания. Осыған дейін Lenovo компаниясы Google-ден Motorola Mobility смартфондарын өндіретін бөлімшелерін сатып алатыны хабарланған еді. Осы жылдың қаңтар айында қытайлық компания келісім жабылғанда Google компаниясына 1,41 миллиард доллар төлейтіні хабарланды, оның ішінде 660 миллионы қолма-қол ақша да, 750 миллионы - Lenovo акциялары. Қалған 1,5 миллиард долларды Lenovo үш жыл көлемінде төлеп береді. Motorola патенттерінің көпшілігі Google компаниясында қалады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети