16 қыркүйек 2016 11:49

Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әуекомпания өкілдері хабарлады.


Qazaq Air өкілдері де Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әуекомпания өкілдері хабарлады.

Тіркеу үстеліндегі смартфонды алып өтуге тыйым салу туралы хабарламаны блогер Яков Федоров байқаған.  "Qazaq Air да Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салды", - деп жазды ол өзінің Twitter желісіндегі парақшасында.

"Samsung Electronics компаниясының Samsung Galaxy Note 7 смартфондарына қатысты ресми хабарламасының негізінде, сондай-ақ, Әуе көлігі халықаралық қауымдастығы (IATA) мен ҚР Азаматтық авиация өкілдерінің хабарламасына сәйкес, Qazaq Air жолаушылардан Samsung Galaxy Note 7 телефонын қосудан, қуаттаудан, сондай-ақ осы телефонды жүкке тапсырудан бас тартуды сұрайды." - деді әуе компанияның өкілдері.

 Сонымен қатар, SCAT әуекомпаниясындағылар да жолаушылардан смартфондарды қосудан бас тартуды сұрайды.

"Samsung Galaxy Note 7 гаджеттерімен болған оқиғаларға байланысты, SCAT әуекомпаниясы мен Азаматтық авиация комитеті бортта смартфондарды өшіріп, оларды қуаттамауды сұрайды", - деді әуекомпаниядағылар.

Азаматтық авиация комитетінің өкілдері де кейінірек осы жағдайға байланысты түсінік беретінін айтты.

Айта кетейік, осыған дейін "Эйр Астана" өкілдері неліктен Samsung Galaxy Note 7 смартфондарын алып өтуге тыйым салғанын түсіндірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети