28 сәуір 2016 10:23

Әлемдік нарықта смартфондар саудасы алғаш рет қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың алғашқы ширегінде әлемдік нарықта смартфондар саудасы алғаш рет қысқарды, - деп хабарлайды "Газета.Ru" басылымы Strategy Analytics мәліметтеріне сілтеме жасап. SA мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар-наурыз айларында 334,6 миллион құрылғы жеткізілген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 345 миллион болыпты.

Смартфон шығарушы ірі компаниялардың арасында Samsung Electronics Co бұрынғыдай көш бастап тұр. Дегенмен, компания тауарларының сатылымы 4,5 пайызға, яғни 79 миллион құрылғыға дейін қысқарған. Samsung компаниясының нарықтағы үлесі де 24 пайыздан 23,6 пайызға дейін азайды. Екінші орында Apple тұр. Бұл компанияның тауар сатылымы 51,2 миллионға дейін қысқарды. Компанияның нарықтағы үлесі 17,7 пайыздан 15,3-ке дейін азайды.

Сарапшылардың мәліметінше, мұндай тенденция тұтынушылардың әлемдік экономикадағы ахуалдардан қауіптенуінен және нарықта қытайлық тауарлардың көбеюінен болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети