19 қараша 2014 13:28

"Айтыс" тұңғыш ұлттық мессенджері таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©itys.kz ©itys.kz

Қазақстанда "Айтыс" тұңғыш ұлттық мессенджері таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін мобильдік қолданбаны жасаушылар жаңа өнімнің планшет пен смартфондар үшін қалай жұмыс істейтінін айтып берді. 


Қазақстанда "Айтыс" тұңғыш ұлттық мессенджері таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін мобильдік қолданбаны жасаушылар жаңа өнімнің планшет пен смартфондар үшін қалай жұмыс істейтінін айтып берді. 

"Біз өзіміздің тартымды, халықтық, отандық өнімімізді жасауға ниеті бар пікірлестердің, энтузиастардың командасын құрдық. Әр саладан кәсіпқойларды тауып, графикалық безендірулерді жасадық: тақырыптар, смайликтер, тұсқағаздар. Біз ұжымдық еңбектің нәтижесін ұсынып отырмыз - тұңғыш ұлттық мессенджер тұтынушылармен белсенді жұмыс істеуге дайын", - деді "Айтыс" жобасының жетекшісі Дәуіт Шайхисламов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде. Ол  "Айтыс" мессенджерінің көмегімен хат-хабар алысу тегін болатынын айтты.

Отандық "Айтыс" (iTys) өнімі мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған. Бұл - бір-бірімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлескісі келетін қолданушыларға арналған тұңғыш мессенджер. Қолданба ұлттық стильде безендірілген. Келешекте қолданбада тегін дауыс қоңыраулары, қазақ тілінің автокорректоры, графикалық редакторы сервисі болады. Мобильдік қолданбаны жасаушылар алдағы желтоқсан айында iOS платформасына көшуді жоспарлап отыр.

"Айтыс" жобасы қазақ тілін мәліметтер алмасудың әлемдік процестеріне белсенді түрде тартуға және соған бейімдеуге бағытталған. Ол мұны әлем бойынша тұтынатын барлық қазақстандықты, барлық қолданушыны біріктіреді", - дейді Шайхисламов.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети