22 қыркүйек 2014 21:18

iPhone 6 және iPhone 6 Plus сатылымда рекордтық көрсеткішке жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото apple.com сайтынан алынды Фото apple.com сайтынан алынды

іPhone 6 және iPhone 6 Plus алғашқы сатылымға шыққаннан-ақ рекордтық көрсеткішке жетті. Сатылымның алғашқы үш күнінде 10 миллион смартфон сатылымға шықты, - дейді Apple баспасөз хабарламасында. Өнімнің сатылым көлемі компанияның рекордтық көрсеткішін жаңартқан.


іPhone 6 және iPhone 6 Plus алғашқы сатылымға шыққаннан-ақ рекордтық көрсеткішке жетті. Сатылымның алғашқы үш күнінде 10 миллион смартфон сатылымға шықты, - дейді Apple баспасөз хабарламасында. Өнімнің сатылым көлемі компанияның рекордтық көрсеткішін жаңартқан.

"iPhone 6 және iPhone 6 Plus  саудасы біз күткендегіден де жоғары болды. Сауданы рекордтық көрсеткішке дейін жеткізген сатып алушыларға алғыс айтамыз" - дейді Apple компаниясының директоры Тим Кук.

Apple компаниясы 4,7 және 5,5 дюймді дисплейге ие,  екі ядролы А8 процессоры бар iPhone 6 және iPhone 6 Plus нұсқаларын 9 қыркүйек күні жұртшылыққа таныстырған болатын. iPhone 6 - экранының көлемі 1334x750, ал iPhone 6 Plus - Full HD. Екі өнімнің де камерасы 8 мегапиксельді. Жұмыс істеу қуаты өте жоғары.

Автономды жұмыс істеу уақыты iPhone 6-да видео көру режимінде, сәйкесінше 11 және 14 сағат пайдалануға болады. Бұл ретте құрылғы wi-fi пайдалануда 11 және 14 сағат, 3G-де – 11 және 12 сағат мөлшерінде автономды түрде жұмыс істейді. Ал іPhone 6 Plus құрылғысында мұндай автономды жұмыс істеу уақыты 14 сағаттан 24 сағат мөлшерін құрайды. 

19 қыркүйек күні iPhone 6 және iPhone 6 Plus АҚШ-та, Канадада, Ұлыбританияда, Францияда, Германияда, Австралияда, Жапонияда және тағы басқа елдерде сатылымға шықты. 26 қыркүйек күні өнімнің жаңа түрі тағы 22 елде сатылымға шығады. Компания жыл соңына дейін аталмыш өнім түрін 115 елдің нарығына сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети