10 қыркүйек 2015 12:29

iPhone 6S таныстырылымынан кейін Apple акциялары арзандап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© usdup.ru © usdup.ru

Apple акциялары жаңа модельдердің таныстырылымына қарамастан, Нью-Йорк биржасының қорытындысы бойынша 2 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды РБК.


Apple акциялары жаңа модельдердің таныстырылымына қарамастан, Нью-Йорк биржасының қорытындысы бойынша 2 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды РБК.

Apple компаниясының өткен сәрсенбіде Сан-Францискода таныстырылған жаңа өнімдері инвесторлардың қызығушылығын оятпады, Нью-Йорк биржасында компанияның акциялары құлдырап кетті. Таныстырылымның басында Apple акциялары өсіп жатса, сауда сессиясының қорытындысында 1,9 пайызға 110,15 АҚШ долларына дейін төмендеді. 

"Адамдар Apple компаниясының тарыстырылымын жақсы көрмейді, себебі көп үміт артады, алайда нәтижесі көңіл көншітпейді", - деп келтіреді Reuters агенттігі Firsthand Technology Opportunities Fund инвестициялық менеджері Кевин Лэндистің сөзін.

Соңғы үш жылда Apple акциялары компанияның жаңа өнімдерінің таныстырылымдарында орташа есеппен 0,4 пайызға арзандады, бұл мәліметті BTIG компаниясының сарапшылары келтіріп отыр.

Нью-Йорк биржасындағы сауда қорытындысы бойынша Apple компаниясымен қатар өзге де компаниялардың акциялары арзандады. Мәселен, Microsoft акциясы 1,87 пайызға, 43,07 долларға құлдырады, General Electric акциялары 1,64 пайызға, 24,55 долларға, Google акциялары 0,07 пайызға, 643,41 долларға арзандады. Сауда қорытындысы бойынша Dow Jones индексі 1,45 пайызға түсті, S&P 500 индексі 1,39 пайызға құлдырады.

Еске салайық, Apple АҚШ-та iPhone 6S және iPhone 6S Plus, IPad Pro және дауыспен басқаруға болатын Apple TV жаңалықтарын таныстырды. Смартфондар 12 елде 25 қыркүйектен бастап сатыла бастайды, ал жыл соңына дейін iPhone 6S 130 елде сатылады. Ал жаңа iOS 9 операциялық жүйесі 16 қыркүйектен бастап іске қосылады.

IPad Pro планшеті сатылымға қараша айында шығады, оның бағасы - 799 доллар. Ал стилустың бағасы 99 доллар, пернетақтаның бағасы 169 долларға тең.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети