11 қыркүйек 2016 10:09

Желіде iPhone 7 смартфондары мемге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Twitter Twitter

iPhone смартфондарының жаңа нұсқасы барлық қолданушыға ұнай қойған жоқ. Желі қолданушылары сымсыз AirPods құлаққаптарын сынға алды.


iPhone смартфондарының жаңа нұсқасы барлық қолданушыға ұнай қойған жоқ. Желі қолданушылары сымсыз AirPods құлаққаптарын сынға алды.

Кейбір қолданушылар AirPods құлаққаптарының ыңғайсыз екенін айтып жатыр. Олар оны тіпті тіс щеткаларымен салыcтырды. Осыған байланысты әлеуметтік желілерде iPhone смартфондарының жаңа модельдеріне арналған мемдер көбейіп кетті.

Айта кетейік, 7 қыркүйекте Apple компаниясы iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырған болатын. Жаңа құрылғылардың таныстырылымы Сан-Францискода өтті. Apple басшысы Тим Кук екі жаңа модель жайлы айтып берді, олар iPhone 7 және iPhone 7 Plus.


© Twitter.com 

Ал жақында Қазақстанда  iPhone 7 смартфондарының бағасы қанша екені белгілі болды. Apple компаниясы өкілдерінің айтуынша, алдын ала тапсырыс берген жағдайда iPhone смартфондарының бағасы 612 мың теңгеден 782 мың теңгеге дейін жетеді. Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 смартфонының бағасы 612 мың тұрса, сыйымдылығы 128 гигабайт iPhone 7 смартфоны 680 мың теңге тұрады. Ал сыйымдылығы 256 гигабайт смартфонның бағасы 748 мың теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети