04 сәуір 2017 09:03

Қазақстанда Samsung Galaxy S8 және S8+ смартфондары таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Samsung Galaxy S8 және S8+ смартфондары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Samsung Galaxy S8 және S8+ смартфондары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Samsung Galaxy S8 және  S8+ смартфондары Қазақстанда мамыр айының басынан бастап сатылымға шығады. Олардың түсі қара гауһар тас түсті, мистикалық аметист түсті және асыл сары тас түстерінде болады.

Қазақстанда 30 сәуірге дейін алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туды. Айта кетейік, алғашқы тапсырыс берушілер бағалы сыйлықтарға ие болады. Алдын ала тапсырысты мына сілтеме арқылы беруге болады.

Сондай-ақ, жаңа смартфондар 10 нанометрлі процессорлармен қамтылған. Ол сматфондарға жоғары жылдамдықпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

8-мегапиксельді алдыңғы камерасы мен интеллектуалдық автофокусы бар, сондай-ақ, 12 мегапиксельді камерасы бар және Dual Pixel технологиясымен қамтылған гаджеттермен жарық нашар түсіп тұрса да, сапалы суреттерді жасауға болады.

Сонымен қатар, жаңа смартфондар биометриялық технологиялармен жұмыс істейді. Онда саусақ ізін қалдыратын, көздің сыртқы қабығының сканері мен адамдарды тани алатын жүйе бар.

Айта кетейік, смартфондар инновациялық құлаққаппе бірге сатылатын болады. Құлаққаптар өте ыңғайлы болуымен ерекшеленеді екен.

Еске сала кетейік, осыған дейін Samsung жаңа Galaxy S8 cмартфонын таныстырған болатын. Жаңа смартфондардың ерекшелігі - олардың дисплейінің жақтауы жоқ. S8 телефонының экранының диагоналі 5,8 дюйм болса, S8 Plus смартфонының диагоналі - 6,2 дюйм. Сондай-ақ, екеуінің экранының шеттері иілген болып келеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети