07 қазан 2016 12:58

Қазақстанда iPhone 7 смартфондарының ресми бағасы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанда жаңа iPhone 7 смартфондарының ресми бағасы жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple өнімдерінің ресми дистрибьюторы - ASBIS компаниясының өкілдері хабарлады. 


Қазақстанда жаңа iPhone 7 смартфондарының ресми бағасы жарияланды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Apple өнімдерінің ресми дистрибьюторы - ASBIS компаниясының өкілдері хабарлады. 

Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone 7 смартфонын 314 990 теңгеге, сыйымдылығы 128 гигабайт смартфонды 369 900 теңгеге, ал  256 гигабайттан тұратын iPhone 7 смартфонын 424 990 теңгеге сатып алуға болады. Ал iPhone 7 Plus смартфондарына келетін болсақ, сыйымдылығы 32 гигабайт  iPhone 7 Plus 384 990 теңгеге тұрса, сыйымдылығы 128 гигабайттан тұратын iPhone 7 Plus смартфоны 434 990 теңге тұрады. Сыйымдылығы  256 гигабайт iPhone 7 Plus-ты алу қымбатқа түседі, оның бағасы - 484 990 теңге. Айта кетейік, бұл бағаларды ресми дилер өкілдері мәлімдеді. Жаңа гаджеттер арнайы техникаға арналған дүкендерде сатылатын болады.

"Қазанның 7-нен 13-не дейін дүкендерде алдын ала тапсырыс беруге болады. Ал 14 қазаннан бастап телефондар дүкендерге жеткізіледі", - деп хабарлады ASBIS компаниясының өкілдері.

Айта кетейік, Apple өнімдерінің ресми дистрибьюторы - ASBIS компаниясынан басқа Қазақстанда Kcell операторы жұмыс істейді. 

"Бүгіннен бастап біз iPhone7 смартфондарының ресми моделіне алдын ала тапсырыстарды қабылдап жатырмыз. Ол смартфондарды бірден сатып алуға немесе келісімшарт жасасып алуға болады. Жаңа смартфондар шамамен 14 қазанда Kcell Center мен Kcell Store желілерінде  сатылымға шығады. Сыйымдылығы 32 гигабайт iPhone7 смартфонын 310 990 теңгеге сатып алуға болса, келісімшарт жасасу арқыды 20 000 теңге көлемінде алдын ала төлем жасап, айына 18 000 теңге төлеп отыруға болады. Ал сыйымдылығы 128 гигабайт iPhone7 смартфонының бағасы - 359 990 теңге. Келісімшарт жасасқан жағдайда 36 500 теңге көлемінде алдын ала төлем жасай отырып, ай сайын 20 000 теңге төлеу міндеттеледі. Ай сайын төленетін қаражаттың саны мен қызмет көрсету пакетінің көлемі келісімшарттың қанша уақытқа жасалғанына байланысты", - деп хабарлады Kcell операторының  баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, осыған дейін де Қазақстанда iPhone 7 смартфондарының бағасы қандай болатыны айтылған болатын. Телефон таныстырылымынан кейін алғашқы күндері-ақ iPhone 7 смартфондары 600 мың теңгеден бастап 750 мың теңге аралығында сатылған еді. Алайда қазіргі уақытта жаңа смартфондардың бағасы төмендеді.

Айта кетейік, Apple компаниясы 7 қыркүйекте iPhone смартфондарының жаңа нұсқаларын таныстырған болатын. Жаңа құрылғылардың таныстырылымы Сан-Францискода өтті. Apple басшысы Тим Кук екі жаңа модель жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Apple Watch сағаттарының жаңа нұсқасы таныстырылды. Оның екіядролық процессоры бар, экраны жарқын және GPS орнатылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети