06 сәуір 2015 18:37

Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж. © Tengrinews.kz Коллаж. © Tengrinews.kz

Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды, оның көмегімен оқу орнын таңдауға болады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаның жетекшісі Әсет Оспанов айтып берді.


Қазақстанда колледж талапкерлеріне арналған мобильдік қосымша жасап шығарылды, оның көмегімен оқу орнын таңдауға болады, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жобаның жетекшісі Әсет Оспанов айтып берді.

Қосымшаны жасап шығарушының айтуынша, ол мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар береді. Түлектер оқу орындары, ұсынылатын мамандықтар мен қабылдау талаптары туралы мағлұмат ала алады, сонымен қатар, жоспарда тұрған ашық есік күндері жөнінде push-хабарландыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар, колледж түлектері үшін мекеменің фотогалереясы мен қосымша курстар туралы ақпараттар қолжетімді болады. Сондай-ақ, қосымша басшылықтың қабылдау бөліміне қоңырау шалып, сұрақтар қою мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар, бағдарламада колледж студенттерінің қолдануына арналған функционал бар. Олар өткен шаралардың суреттерін, сабақ кестесін және соңғы жаңалықтарды көре алады. Айта кетейік, шұғыл ақпараттар push-хабарландыру арқылы жіберіліп отырады.

Жоба авторлары қосымшаны алматылық алты оқу орнына қосты - Индустрия және қонақжайлылық колледжі, полиграфия колледжі, құрылыс-техникалық колледжі, сервис және технология мемлекеттік колледжі, мемлекеттік бизнес және көп салалы колледжі. Колледж талапкерлері мен студенттері қосымшаны Google Play-ден жүктей алады. Авторлар бұдан әрі iOS-ке арналған нұсқаны шығаруды жоспарлап отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети