09 тамыз 2015 22:05

"Барыс" Қазақстан Президентінің кубогы үшін турнирде бірінші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Астаналық "Барыс" хоккей клубы Қазақстан Президентінің кубогы үшін турнирдің бірінші ойынында Новокузнецктің "Металлург" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Астаналық "Барыс" хоккей клубы Қазақстан Президентінің кубогы үшін турнирдің бірінші ойынында Новокузнецктің "Металлург" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Тоғызыншы минутта есепті "Металлург" шабуылшысы Роман Бердников ашты, бірақ "Барыс" үзіліске дейін есепті теңестірді, Дастин Бойд көзге түсті. Екінші кезеңде командалар тағы да бір-бірден шайба салды: Кейд Фэйрчайлдтың голына "Барыстан" Брэндон Боченский жауап қайырды. Матч жеңімпазы үшінші кезеңде анықталды. "Барыс" клубының ойыншылары Найджел Доус пен Талғат Жайлауов бір-бір шайбадан салды. Осылайша, "Барыс" жаңа аренадағы бірінші ойында бірінші жеңісіне қол жеткізді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Бүгін Қазақстан Президенті Кубогы үшін турнирде тағы бір матч болды. Владивостоктың "Адмирал" командасы Ханты-Мансийсктің "Югру" клубын 2:1 есебімен жеңді. Турнирдің келесі ойындары 10 тамызда болады. 14.00-де мұз алаңға "Метталлург" пен "Адмирал, ал 19.00-де "Барыс" - "Югра" командалары шығады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети