27 қыркүйек 2014 21:03

"Барыс" мәскеулік "Динамоға" жол берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет РИА Новости© сайтынан алынды. Сурет РИА Новости© сайтынан алынды.

Құрлықтық хокей лигасында астаналық "Барыс" командасы мәскеулік "Динамо" командасына жол берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. Астанада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 


Құрлықтық хокей лигасында астаналық "Барыс" командасы мәскеулік "Динамо" командасына жол берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz Vesti.kz-ге сілтеме жасап. Астанада өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 

Бірінші кезеңде екі команданың да қақпасына шайба салынған жоқ, ал екінші кезеңде көрермендер 3 бірдей шайбаның соғылуын тамашалады. Бастапқыда Мартиньш Карсумс қонақтарды алдыға сүйрелеген еді. Бір жарым минуттан кейін мәскеулік команда есепті 2:0-ге жеткізді. "Барыс" командасы үзіліске дейін есепті теңестіруге мүмкіндігі бола тұра, бір гол соға алмады. Үшінші кезеңде екі команда да таблодағы есепті өзгерте алмады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Осылайша, "Барыс" командасы екінші мәрте жеңіліп қалды. Қазір бұл команда Құрлықтық хоккей лигасында алтыншы орында тұр. Сондай-ақ, бұл команда өз алаңында болған үш кездесуде бар болғаны 3 ұпай жинады. 

Астаналық "Барыс" құрамасы 30 қыркүйек күні Ханты-Мансийсктің "Югрой" командасымен кездеседі. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети