12 наурыз 2014 22:04

"Барыс" тұңғыш рет ширек финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hc-avto.ru сайтынан алынды Фото hc-avto.ru сайтынан алынды

"Барыс" хоккейшілері "Автомобилист" (Екатеринбург) клубын төрт мәрте тізерлетіп, тұңғыш рет Гагарин кубогының ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Төртінші ойын да Екатеринбург қаласында өткен болатын. Шектен тыс шиеленісті өткен матчта "Барыс" 2:1 есебімен жеңіске жетті. Барлық голдар екінші кезеңде соғылды. Әуелі Роман Савченко есеп ашты. Көп ұзамай Талғат Жайлауовтың тамаша пасынан соң Константин Романов есепті еселеді. Екінші кезеңнің аяқталуына алты минут қалғанда айдын иелері есепті қысқартты. Дәл осы сәтте "Барыс" үш-ақ ойыншымен қалған еді. Екі ойыншысы артық "Автомобилист" осылай гол соғып кетті. Жалпы, бұл ойында да төрешілер "Барыс" хоккейшілерін жазалаудан "аянған" жоқ. Қазақстан клубының бұл ойындағы айып уақыты 24 минут болды... Ең бастысы, "Барыс" мұндай қиыншылықтарға да, айдын иелерінің тегеурінді шабуылдарына да төтеп берді. Алда – ширек финал. Бұл кезеңдегі "Барыстың" қарсыласы алдағы күндері белгілі болады. Біз "Барыс" хоккейшілері мен бапкерлерін тарихи жетістіктерімен құттықтаймыз! Жалпы есеп: "Барыс" – "Автомобилист" – 4:0 (3:2 ОТ; 5:4 ОТ; 2:1; 2:1)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети