13 қыркүйек 2014 20:27

"Барыс" түздегі сапарын жеңіспен бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото metallurg-nk.ru сайтынан Фото metallurg-nk.ru сайтынан

"Барыс" хоккей клубы биылғы маусымда түздегі алғашқы ойынын Новокузнецкіде өткізіп, жергілікті "Металлург" клубын 5:2 есебімен, яғни айқын басымдықпен ұтты, - деп жазады Tengrinews.kz.


"Барыс" хоккей клубы биылғы маусымда түздегі алғашқы ойынын Новокузнецкіде өткізіп, жергілікті "Металлург" клубын 5:2 есебімен, яғни айқын басымдықпен ұтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Барыс" осының алдындағы ойынында - Астанада "Витязь" клубынан ұтылып қалған. Әрі ресейлік қонақтарының қақпасына бірде-бір гол соға алмай, пұшайман болған.

Бүгін соның есесін Ресейдің басқа клубынан қайтарды. Новокузнецкіде "Металлург" клубын 5:2 есебімен ұтып, жанкүйерлерін бір желпіндірді.

Бірақ бір әттеген-айы бар. Әзірше бірінші және екінші бестігіміз ғана нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүр. Қалған бестіктердегі ойыншылар жиі ауысып, көбісі көңілге қонымды деңгейде ойнай алмай жүр...

Есесіне, бұл ойында кем құрамда ойнағанда өз қақпамызға гол жібермей, қайсарлық танытты. Әрі артық құрамда гол соғып, ойын өрнектерін жетілдіре түсуге тырысып жүр.

Енді Қазақстан клубы 15 қыркүйек күні Новосибирскіде "Сибирь" клубымен кездеседі.

«Металлург» (Новокузнецк) – «Барыс» – 2:5

Голдар:
0:1 – Антропов (Руденко, Старченко), 13:46.
0:2 – Старченко (Антропов), 17:27 (артық құрам).
1:2 – Стоа (Лашофф, Фэйрчайлд), 20:58.
1:3 – Бойд (Боченски), 23:10.
1:4 – Бойд (Доус), 24:14 (артық құрам).
1:5 – Боченски (Бойд), 27:49. Барыс (кем құрам).
2:5 – Галимов (Макаров), 31:45.

"Барыс": Лацо; Ландин – Блохин, Доус – Бойд – Боченски; Гребенщиков – Савченко, Руденко – Антропов – Старченко; Церенок – Семенов, Рымарев – Уппер – Романов; Рысбаев – Ыбрайбеков, Рахманов – Гаврилин – Пушкарев.

Айып уақыты: 12 (4+44) – 16 (2+8+6)
Соққылар: 46 (10+21+15) – 25 (11+8+6).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети