21 мамыр 2014 14:34

Қазақстан хоккейшілерінің әлем чемпионатындағы көрсеткіштері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, қорытындысы шығарылды. Бір номинацияда Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы үздік шықты, деп жазады Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден Минскіде өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, қорытындысы шығарылды. Бір номинацияда Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы үздік шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан дүниежүзінің 16 үздік құрамасы топтық кезеңде екі сегіздікке бөлініп, әрқайсысы жеті ойыннан өткізді. Шайбаталапайда (шайбаны екі ойыншының ортасына тастап, ойынға қосқанда) біздің Андрей Гаврилин теңдессіз шықты. Ол 32 рет шайбаталапайға тұрып, соның 19-ында басым түсті. Бұл – 71,11 пайыздық көрсеткіш. Топтық кезеңде шайбаталапайдан Гаврилиннен асып түскен ешкім жоқ.

Жалпы, Минскідегі жеті ойында біздің құрама сапында «гол+пас» жүйесі бойынша ең көп ұпай жинаған – Кевин Даллмэн. «Жаңа қазақ» қорғаушымыз жеті ойында алты нәтижелі пас беріпті (0+6). Оның шірене тартқан жойқын соққыларының бағытын қақпа алдында біздің шабуылшылар  өзгерте қойып немесе қақпашыдан кері серпілгенде қайыра соғып, бірнеше гол соққандарын өздеріңіз де көрдіңіздер. Қалай десек те, Даллмэн сенімді ақтап, құрама сапындағы ең үздік ойыншылардың бірі бола білді.

Ал ең көп гол соққан – Евгений Рымарев. Ол бес ойында үш гол соғып, тіпті бір нәтижелі пас беріп, төрт ұпай еншіледі. Егер алғашқы екі ойында да мұзайдынға шыққанында, көрсеткіштері бұдан да жоғары болар ма еді?!

Ұлттық құрама капитаны Николай Антропов алты ойында бір гол соғып, төрт рет нәтижелі пас беріп, бес (1+4) ұпай еншіледі. Вадим Краснослободцевтің де еншісінде 5 (1 гол + 4 пас) ұпай бар. Бірақ ол жеті ойын өткізді.

Роман Старченко, Андрей Гаврилин, Константин Романов үшеуі екі голдан соқты. Ұлттық құрама сапындағы жалғыз қазақ Талғат Жайлауов бір гол соғып, бір рет нәтижелі пас берді (екі ұпай).

Біздің құрама сапында екі ойыншы ғана оң көрсеткішпен шықты. Яғни олар мұзайдында болғанда біздің құрама гол соғып отырған. Евгений Блохин (+2), Андрей Спиридонов (+1) көрсеткіштерімен өзгелерден ерекшеленді. Бұл түсінікті. Спиридонов мұзайдынға көп шыққан жоқ.

Ал Блохин, әрине, жақсы ойнады. Біздің қорғаушылардың ішінде мамандар мен жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырамаған осы Блохин ғана шығар. Әрі ол негізінен біздің құрама артық құрамда ойнағанда мұзайдынға шығып отырды.

Бұл тұрғыда, құрама сапында +/– көрсеткіші бәрінен төмен Константин Романов болып шықты (– 9).

Ал қақпашыларымыздың көрсеткіштері – біршама төмен. Виталий Еремеев пен Алексей Иванов төрт ойында мұзайдынға шығып (Швейцариямен өткен матчта екеуі бірін-бірі алмастырған болатын), біздің қақпаны қорғады. Соққы тойтарудан Еремеев 88,99 % , ал Иванов 87,50 % көрсеткішпен алғашқы ондыққа да іліккен жоқ.

Сонымен әлемнің 16 үздік құрамасының тең жартысы үшін әлем чемпионаты аяқталды. Олардың екеуі келесі жылы бірінші дивизионда ойнайтын болып, ұнжырғалары түсіп, елдеріне көңілсіз қайтты (Қазақстан және Италия құрамалары).

Ал қалған сегізі ширек финалға шықты:

І-жартылай финалдық төрттік) АҚШ – Чехия,
І-жартылай финалдық төрттік) Канада – Финляндия,
ІІ-жартылай финалдық төрттік) Ресей – Франция,
ІІ-жартылай финалдық төрттік) Швеция – Беларусь.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети