23 шілде 2014 15:51

Ресей қазақ хоккейін қақпайлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото hcbarys.kz сайтынан Фото hcbarys.kz сайтынан

Көп ұзамай шайбалы хоккейден жаңа маусым басталады. Бірақ Ресейдің Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын "Барыс" үшін әр түрлі қиындықтар туындап отыр, деп жазады Alashainasy.kz.


Көп ұзамай шайбалы хоккейден жаңа маусым басталады. Бірақ Ресейдің Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын "Барыс" үшін әр түрлі қиындықтар туындап отыр, деп жазады Alashainasy.kz.

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) біздің елден Астананың "Барысы" ойнайды. Биылғы маусымдағы басты мәселе ҚХЛ-да Қазақстан ойыншыларының легионер саналуы болып отыр. Ал Беларусь хоккейшілері бұл лигада легионер болып саналмайды да, Қазақстан хоккейшілері алыстағы АҚШ, Канада, Чехия, Словакия, Швеция, Финляндия және басқалары сияқты толыққанды легионерлер санатына жатқызылып отыр.

Қызық, Еуразиялық одаққа үш мемлекет кіреді. Биыл 29 мамырда Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге үш елдің – Қазақстан, Ресей, Беларусь басшылары қол қойды. Сонда біртұтас экономикалық кеңістік құру негізінде еңбек ресурстары нарығының да біріктірілетіндігі айталғандай еді...

Бір қызығы, Ресей лигасының басшылары Беларусь хоккейшілерін легионер деп есептемей отыр. Өткен аптада, 17 шілде күні Ресей Федерациясының спорт министрлігінде екі елдің өкілдері кездесті. РФ спорт министрінің орынбасары Ю.Нагорняк, ҚХЛ президенті А.Медведев, Ресей хоккейі федерациясының вице-президенті И.Тузик және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Кеңеске қатысушылар Беларусь хоккейшілерінің ҚХЛ-да легионер болып саналмайтындығы жөнінде шешім қабылдап, келіскен...

Әйтсе де, "Барыстың" бас бапкері, Ресей маманы Андрей Назаров "Қазақстан хоккейшілері легионерлар санатына жатпауы керек, бұл мәселе оң шешімін табуы тиіс" деген көмескі үмітін әлі де үзбейді.

Жалпы бұл мәселе Сочи Олимпиадасы барысында басталған. Ресей құрамасы өз жерінде ұтылып қалып, жүлдеге іліге алмаған соң, ұлттық құрамаларының мүддесі үшін осындай қадамға барып отыр. Бұл жерде Қазақстан хоккейшілерінің Ресей құрамасының мүддесіне қалай нұқсан келтіретіндігі мүлде түсініксіз...

Енді Ресей клубтары сапындағы кейбір хоккейшілеріміздің легионер санатына ілігіп, орнынан айырылып қалмас үшін Қазақстан азаматтығынан бас тартулары да мүмкін...

Ал Қазақстан чемпионатында қаншама Ресей хоккейшілері ойнайды. Бірнеше жылдан бері нәпақаларын қазақ мұзайдыны додаларынан тауып жүрген ресейліктер өте көп. Біздің елдің біріншілігіндегі ресейлік хоккейшілер саны отандық ойыншылардан әлдеқайда асып түседі. Бізде – осылай әлі...

Сондай-ақ, биыл ҚХЛ додасына өзгерістер енгізіліп, ойындар күнтізбесі басқаша жүйемен өтетін болды. Бұл жөнінде "Барыс" клубының бас бапкері Андрей Назаров ресейлік басылымдарға берген сұхбатында былай деді:

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети