13 қазан 2015 15:46

Тікелей эфирде жұмыстан қуылған қазақстандық комментаторға ресейлік телеарна ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ВКонтакте © ВКонтакте

Қазақстандық комментатор Александр Олейник Омбы облыстық телеарнасына, "Авангард" ХК матчтарына жұмыс істеуге шақырту алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық комментатор Александр Олейник Омбы облыстық телеарнасына, "Авангард" ХК матчтарына жұмыс істеуге шақырту алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"12 арнаның басшылығы Омбы жанкүйерлерінің комментаторды ауыстыру туралы өтінішін естіді, қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Келіссөздер комментатор Александр Олейникпен жүргізілуде", - делінген "Авангард" ХК ВКонтакте желісіндегі ресми тобының хабарламасында.

Еске сала кетейік, 9 қазанда комментатор Александр Олейниктің тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Шайба.kz басылымының мәліметінше, шешім оның "Барысқа" жанкүйер еместігіне негізделген. 

Сонымен қатар, KazSport басшысы Павел Цыбулин Tengrinews.kz тілшісіне Олейникпен өзге матчтар бойынша серіктес болуды жалғастыратынын айтты. Ал Олейниктің жұмыс берушісі оның бірнеше рет ұжымдық этиканы бұзғанын мәлімдеді. Кейін Олейниктің өзі оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети