12 желтоқсан 2014 11:21

Google аудармашысында енді қазақ тілі бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Google аудармашысының қазақ тіліне арналған қызметі іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап.


Google аудармашысының қазақ тіліне арналған қызметі іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасап.

"Саяхатқа барайын деп жатсаңыз немесе басқа тілде сөйлейтін адамдармен жай аралассаңыз, Google аудармашысы сізге жаңа ақпаратқа жол ашып, адамдармен тіл табысуға көмектеседі", делінген хабарламада. 

Google компаниясының мамандары "Аудармашы Интернеттегі мәліметтердің орасан үлкен қорына қол жеткізуге мүмкіндік беріп, қазақ тілінде оны барынша түсінікті етеді. Енді құжаттардың, поштадағы хабарламалардың мазмұнын, тіпті чаттарда жазысқан хаттарды да лезде қазақ тіліне және 90-нан астам басқа да тілдерге толығымен тегін аударуға болады. Өнімді тек компьютерлерде ғана емес, сонымен бірге ұялы құрылғыларда да қондыруға болады", - деп мәлімдеп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Google Translate қазақ және ағылшын тілін білетіндерді қызметтестікке шақырғаны туралы хабарланған болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети