12 қыркүйек 2014 12:19

M-Gov мобильді үкіметі осы айдың соңына дейін іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vk.com ©vk.com

Қазақстанның M-Gov мобильді үкіметі 2014 жылдың қыркүйектің аяғына дейін іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіү Бұл туралы MobiEvent'14 халықаралық конференциясы барысында қосымша авторлары айтты.


Қазақстанның M-Gov мобильді үкіметі 2014 жылдың қыркүйектің аяғына дейін іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіү Бұл туралы MobiEvent'14 халықаралық конференциясы барысында қосымша авторлары айтты.

"НИТ" АҚ мемлекеттік органдардың автоматтандырылған жұмыс орындарын дамыту жөніндегі директоры Бағлан Бекбауовтың айтуынша, электронды үкімет сайтындағы қолжетімді функциялардың бәрі уақыт өте келе мобильді платформаға ауыстырылады. Негізгі қызметтер 2014 жылдың соңына дейін қолжетімді болады.

Бекбауов ұялы үкімет қосымшасын қолданушылардың смартфонның көмегімен электронды-цифрлық қолтаңба қоя алатынын айтты. ЭЦҚ SIM-картаға қосылады, оны кез келген смартфонның көмегімен қолдануға болады. Банктер мұндай технологияны бірнеше жылдан бері қолданып келеді, сондықтан "НИТ" АҚ өкілі бұл жұмыстарға банктермен байланысты басқа да сала мамандары араласа алатынын айтты. Бекбауовтың айтуынша, ұялы үкімет жүйесі жеткілікті ақпараттық қауіпсіздік деңгейіне ие.

Бұған дейін ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электронды қызметтер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарын дамыту жөніндегі департаментінің директоры Абылайхан Оспанов "Мобильді үкімет" жобасы шеңберінде SMS пен PUSH-тің көмегімен құлақтандыру және ескерту хабарламаларын алу мүмкіндігі және бірреттік парольді қолдану қызметі қарастырылып жатқанын айтқан болатын. "Бұл - уақыт өте келе біз мобильді үкімет мүмкіндіктері шеңберінде қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тарта аламыз деген сөз", - деген болатын ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети