12 қыркүйек 2014 19:47

MobiEvent'14 байқауында Tengrinews.kz сайтының мобильдік нұсқасы 3-орын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

MobiEvent'14 байқауында Tengrinews.kz сайтының мобильдік нұсқасы 3-орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


MobiEvent'14 байқауында Tengrinews.kz сайтының мобильдік нұсқасы 3-орын алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Екінші орынды Қазақстандағы белгілі сайттардың бірі Olx.kz иеленді. Ал, бас жүлдені автокөлік саудасын тегін жарнамалайтын "Колеса" сайты жеңіп алды. Сондай-ақ, аталмыш жарыстың рейтингісі бойынша спорттық Vesti.kz сайты сегізінші орынға тұрақтады.

Конкурсты ұйымдастырушылардың қойған басты талабы - сайттардың мобильдік нұсқаларына тұтынушылардың қосылу мүмкіндігі. Олар сонымен қатар, ұсынылған түрлі бағдарламалардың платформалық көрсеткішіне, техникалық мүмкіндіктің сапасына, бірнеше тілдік нұсқалары болуына, интерфейстік достық және дизайн мәселелеріне мән берген. Жалпы, конкурсқа 150 қатысушы өтініш жасағанын айта кету керек. 

Tengrinews.kz-тің iPad пен Android-қа арналған мобильдік нұсқалары 2011 жылы,  ал іPhone-ға арналған нұсқасы 2012 жылы ақпан айында қолданысқа енген болатын. Бүгінде бұл бағдарламаны орнатқандардың саны 135 мың адамға жетті.  Сонымен қатар, Tengrinews.kz мобильдік нұсқа бағдарламасының мүмкіндіктерін арттырып келеді. Сайтты дамыту бөлімінің жетекшісі Максим Епишко болашақта бұл нұсқа арқылы маңызды жиналыстардан  Push-хабарлама беру, бағдарламаның ағылшынша, қазақша нұсқаларын жасау, фото, видео, сондай-ақ, Tengrinews TV  арқылы онлайн таралым жасау мәселелері жолға қойылатынын айтты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети