04 қыркүйек 2015 14:13

Әлеуметтік желілердегі қазақстандық қолданушылардың портреті жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Әлеуметтік желілердегі қазақстандық қолданушылардың портреті жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметтер "ВКонтакте" командасының зерттеу нәтижелерінің негізінде алынды.


Әлеуметтік желілердегі қазақстандық қолданушылардың портреті жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мәліметтер "ВКонтакте" командасының зерттеу нәтижелерінің негізінде алынды.

Зерттеу мәліметінше, елімізде 5,42 миллион адам әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданады. Олардың 74 пайызы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіне, 57 пайызы - "Мой Мир", 50 пайызы - "Одноклассники" және 15 пайызы Facebook желісіне жиі кіріп тұрады. Олардың басым бөлігі 18 бен 24 жас аралығындағы ер адамдар. Әлеуметтік желілердің қазақстандық қолданушыларын мәдениет, әдебиет, жаңа таныстықтар, БАҚ, медиа, сонымен қатар, отбасыға байланысты деректер қызықтырады. Қазақстандықтар білім беру мен автомобильдер туралы мәліметтерді аз оқиды.

Қазақстандық қолданушылардың 37 пайызы - оқушылар, 17 пайызы - қызметкерлер, 14 пайызы - басқа да мамандар, 13 пайызы - үй шаруашылығындағылар, 12 пайызы - жетекшілер және 7 пайызы - қарапайым жұмысшылар. Белсенді қолданушылардың шамамен үштен бірі Алматы және Алматы облысының тұрғындары, 15 пайызы - Астана және Ақмола облысынан. Қалған облыстарда әлеуметтік желі қолданушылары 10 пайыз және одан төмен.

Қазақстандықтардың 62 пайызы әлеуметтік желілердегі парақшаларына ұялы телефонмен және планшетпен, 23 пайызы - компьютермен кіреді. 3,5 миллион адам Android базасындағы құрылғыны пайдаланады, ал 830 мың қолданушы әлеуметтік желілерге iOS негізіндегі құрылғымен кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети