12 наурыз 2015 13:06

Электронды үкімет порталының смартфондарға арналған қосымшасы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі ©"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі

Қазақстандықтар үшін электронды үкімет порталының жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электронды қызмет пен сервисті пайдалануға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандықтар үшін электронды үкімет порталының жаңа мобильдік қосымшасы қолжетімді болды. Енді ұялы телефон арқылы 50-ден астам электронды қызмет пен сервисті пайдалануға болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мобильдік қосымша Қазақстан халқын қол созым жерде электронды үкімет порталының ең танымал қызметтерімен қамтамасыз ету үшін құрастырылған. Қосымша Android пен iOS операциялық жүйесіндегі смартфондар үшін қолжетімді.

Сонымен қатар, бұл қосымша тұрғын үй кезегінің ретін және техникалық қараудан өту мерзімін қарау, лицензиялар мен чектерді тексеру, ХҚКО-на кезекке тұру және дәріханаларды іздеу сияқты сервистерді қолдануға мүмкіндік береді. Мұнымен бірге, қосымша көмегімен пайдаланушылар коммуналдық қызметтерді, салықты, айыппұлдарды, баж салығын, байланыс қызметтерін төлей алады және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шоттарды толтыра алады.

ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің электронды қызметтерді бақылау басқармасының жетекшісі Дәулет Бекмановтың айтуынша, жаңа қосымшада 50 қызмет және "мобильді жеке кабинет" қолжетімді. Жеке кабинетте әр азамат өзі туралы мемлекеттік деректер қорларында сақталатын дербес мәліметтерін ала алады. Осы жылдың аяғына қарай мобильдік форматқа тағы 20 жаңа қызметті қосу жоспарланған.

"Мобильді жеке кабинетте" азаматтың орналасқан жері, тұрғылықты және тіркелген мекен-жайы, заңды тұлға құрамына кіру, некеге тұру, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдардың бар-жоқтығын тексеру, сонымен қатар, қолда бар жылжымайтын мүлік немесе көлік туралы және тағы да басқа ақпараттың орналасқан.

Егер телефонда электронды цифрлық қолтаңба бар болса, азамат мекен-жай анықтамасын, жер учаскесінің тиесілілігі туралы ақпаратты, туу және некеге тұру туралы, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқтығы туралы ақпаратты ала алады. 

"Жаңа қосымша "Мобильдік үкімет" жобасының аясында құрастырылды. eGov.kz қосымшасы мемлекеттік органдардың қызметтерін пайдалануды ыңғайлы және жедел деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді. Қосымша арқылы сіз өзіңіз туралы барлық ақпаратты табасыз, керекті анықтамаға тапсырыс бересіз және белгілі бір құжатты ауыстыру қажет болғанда PUSH немесе SMS-хабарлама аласыз", - деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.

Айта кетейік, қызметтерді мобильдік форматқа ауыстыруды ҚР Президенті бекіткен "Ақпараттық Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети